Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Шу – Қайнар тас жолының бойында полиция қызметкерлері Mercedes-Benz Sprinter жүк және жолаушылар тасымалдайтын көлікті тоқтатқан. Автокөлік Қазақстан арқылы транзитпен Қырғызстан – Ресей Федерациясы бағыты бойынша жүрген.

Оны тексеру кезінде салонның ішінде және жүк бөлігінде белгіленген орыннан артық көлемде жолаушылар болғандығы анықталды. Сонымен қатар көлік тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталғаны белгілі болды.

Жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған және заңсыз қайта жабдықтауға қатысты жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру