Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының аумағында бес күн ішінде 10 қару табылды

Жамбыл облысының аумағында бес күн ішінде 10 қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Осы жылдың наурыздың 7-сі мен 12-і аралығында Жамбыл облысының аумағында 10 қару табылып, тәркіленді.

Олардың ішінде төрт Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, үш аңшылық қару, бір ойық мылтық және әртүрлі калибрлі 400-ден астам патрон бар.

Табылған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны туралы еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Егер сізде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, «102» тетігіне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру