Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ПД бастығы аудандық полиция бөліміне барды

Жамбыл облысының ПД бастығы Ж.Сүлейменов аудандық полиция бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы іске асырылуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа жағдайда; іс-қимыл уақыты» Жолдауында Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін пайдалану жөніндегі қылмыстық саланы жаңғыртуды тапсырды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында осы Жолдауды іске асырып, орындау мақсатында Жамбыл облысының прокуроры үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Әбдіров, Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовпен бірге Байзақ ауданының полиция бөлімінде болып, қайтты.

Қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделін талқылау барысында қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу барысына ерекше назар аударылды.

– Мемлекет басшысы белгілеген қылмыстық процесті цифрландыру және қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделіне көшу міндеттерін іске асыру қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, оның сапасын арттырады және азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сенімін нығайтады, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД бастығы Ж.Сүлейменов.

Полиция қызметкерлерімен кездесуді қорытындылай келе, облыс прокуроры Н. М.Әбдіров үш буынды жүйенің әрбір кезеңі сотқа түсер алдында қылмыстық іс өтуі тиіс сүзгі қызметін атқаратынын және негізсіз шешімдерден қорғай отырып, өкілеттіктердің аражігін ажыратуға мүмкіндік беретінін айтты.

Осыған ұқсас мәселе бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов, ПД Тергеу басқармасының бастығы Қанат Дүмшебаевпен бірге Жамбыл ауданының полиция бөлімінде болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру