Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ПД Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

Жамбыл облысының Полиция департаменті Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, онда жеке құрам полицияда қызмет ететін барлық әйелдерді, бірінші кезекте ішкі істер органдарының ардагерлерін құрметтеді. 

Мерекеге қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайлары құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Бірінші болып Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзин іс-шараға қатысушы барлық аяулы жандарды құттықтады. Өз сөзінде ол ежелден бері әйел – отбасының берекесі мен жайлылығының адал қамқоршысы екенін, оның сұлулығы, табиғи ақыл-ойы мен мейірімі үміт ұялатып, жылулық сыйлайтынын айтты.

– Қоғамдық тәртіпті сақтауда азаматтармен қатар өз қызметтік борышын адал орындап жүрген, қаңтардың сол қайғылы күндерінің салдарын жоюға белсене қатысқан әйел қызметкерлерге зор алғысымды білдіргім келеді, полицей әйелдер заңдылықты қорғауда әрқашан сапта екенін атап өтті. Күрделі тапсырмаларды орындағанына қарамастан, сіздер жүрек жылуын, нәзіктікті, белсенділік пен сенімділікті сақтай алдыңыздар, – деді Арманбек Баймурзин.

Сөз соңында ПД бастығы барлық нәзік жандыларға махаббат, мықты денсаулық, қызметте табыс, ал отбасыларына тыныштық, ынтымақ және амандық тіледі.

Салтанатты іс-шара барысында адал еңбегі үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Полиция департаментінің жеті қызметкері, Жамбыл облысы ПД бастығының бұйрығымен он қызметкер марапатталды.

Іс-шара ішкі істер органдары қызметкерлерімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты. Сахнада әйелдер құрметіне вокалистердің, “Арлан” аспаптық ансамблінің орындауында танымал әндер мен музыкалық композициялар орындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру