Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері 6 адамды алдаған алаяқты ұстады

Жамбыл облысының полицейлері жұмысқа орналастырып беремін деп 6 адамды алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласында тұратын тұрғыннан арыз түсті. Онда ол өзінің танысы алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, жақсы жалақысы бар жұмысқа орналастырамын деп 175 мың теңгесін иемденгенін айтты. Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысты үзген.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Жаңатастың 33 жастағы тұрғынын анықтады.

– Тергеу барысында ер адамның бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны және дәл осындай тағы 5 дерекке қатысы бары анықталды. Оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендердің жалпы шығыны 857 мың теңгені құрады, – деп атап өтті Сарысу аудандық ПБ бастығы Болат Айтжанов.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті тергеу изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру