Жамбыл облысының полицейлері көлік ұрлаған азаматты «ізін суытпай» анықтады
Жамбыл облысының полицейлері көлік ұрлаған азаматты «ізін суытпай» анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талас аудандық полиция бөліміне Майтөбе ауылының 26 жастағы тұрғыны Nissan автокөлігінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу ) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ер адам электрик болып жұмыс істейтінін және есеп құралдарының көрсеткіштерін жинап жатқан кезде белгісіз адам оның Nissan көлігін ұрлап кеткенін хабарлады.
Полицейлер «ұстап алу» жоспарын енгізді. Ұрланған көлік Тараз – Қаратау тас жолында тоқтатылды. Жүргізуші мас күйде болған. Ол ветеринарлық дәріхананың жанында иесіз көлікті көргенін және туыстарына барғысы келгенін түсіндірді.
Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары тергеу жүргізіліп жатыр.