Жамбыл облысының полицейлері тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолын айтты
Жамбыл облысының полицейлері тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері "Абайлаңыз, алаяқтар!" интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кең ауқымды акция жүргізді. Акция барысында полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топтар алаяқтар қоңырау шалған кезде орындау керек қажетті іс-қимыл алгоритмі бар 100 мыңнан астам парақшаны азаматтарға таратты. Сонымен қатар акцияға қоғамдық ұйымдар, LIDER.KZ және Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Акция осы жылдың 1-5 қарашасы аралығында өңірдің барлық аумағында өткізілді.
- Біздің басты мақсатымыз – зейнеткерлер, әлеуметтік желілерде белсенділігі төмен адамдар және интернет-алаяқтардың әрекеттерінен сақтандыратын бірқатар профилактикалық бейнелер мен жазбаларды көрмеуi мүмкін тұрғындармен жеке сөйлесіп, түсіндіру, жеткізу. Күнделікті жүргізілетін профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде осы жылдың басынан бастап біз интернет-алаяқтық саласында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2% - ға төмендеуге қол жеткіздік. Қылмыскерлер өздерінің алаяқтық схемаларын тәулік бойы және үздіксіз жетілдіріп отыратындығын ескере отырып, аймақ тұрғындарын интернет-алаяқтардың қулықтарынан хабардар ету, ескерту және қорғау үшін ПД-да "Киберпол" арнайы бөлімшесі жұмыс жүргізіп жатыр, - деді Жамбыл облысы ПД КПБ бастығы Мақсат Юсупов.