Жамбыл облысының полицейлері заңсыз аң аулаумен айналысқан браконьерлерді ұстады
Жамбыл облысында заңсыз аң аулаған браконьерлер құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Байзақ ауданындағы Байзақ ауылының маңында "Браконьер" жедел - алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде заңсыз аң аулағаны үшін Сарыкемер ауылының 2 тұрғыны ұсталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.