Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері студенттерге онлайн-дәріс өткізді

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жоғары оқу орындарының заң факультетінің студенттеріне онлайн дәріс өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу және Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес, Тараз инновациялық – гуманитарлық және өңірлік университеттері заң факультетінің студенттерімен онлайн сабақ өткізуді жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімше бастығы полиция майоры Мадияр Қонысбаев және Жамбыл облысының Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі Мәди Көкірекбаев «Оқиға болған жерді қарау» тақырыбында криминалистикалық алаңда практикалық дәріс өткізді.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы қылмыс туралы ақпарат алғаннан кейін тергеуші мен криминалистің іс-әрекетінің алгоритмі көрсетілді.

Сондай-ақ, полицей Мадияр Қонысбаев студенттерді полиция қызметкерлерінің қылмыстарды тез ашуда және саралауда кәсіби мамандардың келесі әрекеттерімен таныстырды.

Болашақ маман иелері, дәріс жүргізіп отырған полиция қызметкерлерін ыждағаттылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру