Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полициясы түлектермен профилактикалық іс-шаралар жүргізді

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері мектеп бітіруші түлектермен профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін  “Соңғы қоңырау” мерекесі қарсаңында тәртіп сақшылары балаларды қоғамдық тәртіпті бұзбауға, ал бітіруші түлектерді алкогольдік ішімдіктер мен басқа да зиянды заттарды тұтынудан бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерінің негізгі тармақтарын, атап айтқанда, мектеп бітірушілер жалдаған көлік кортеждерімен жүру, басқару құқығынсыз көлікті жүргізуге қатысты жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері көлік рулін кәмелетке толмағандарға беруге рұқсат беретін заңды өкілдер мен басқа да ересектерге қатысты ерекше алаңдаушылық білдіреді. Бірнеше күннің ішінде облыс бойынша осы тақырыпта 400-ден астам түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың заңға қайшы әрекет ететін ортаға тартылуын болдырмау, сондай-ақ олардың қатысуымен болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кафе, бар, мейрамханалар маңындағы полиция жасақтары күшейтіліп, жастар көп жиналатын орындарды патрульдеу үшін мобильді топтардың жұмысы жандандырылды.

– Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының бос уақыты мен қарым-қатынас ортасына көбірек көңіл бөліп, табиғат аясына шыққанда да аса қырағы болуы керек. Алда емтихан тапсыру кезеңі мен мектеп бітіру кештері, осыған қатысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзбай, ересек өмірге апаратын алғашқы қадамдарды дұрыс жасауды мұқият ойластырған абзал, – деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Руслан Оразбақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру