Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының құмды аумағынан тағы бір авиациялық бомба табылды

Жамбыл облысының құмды аумағынан тағы бір авиациялық бомба табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпанда сағат 14:30-да Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын хабарлады.

Табылған жерге дереу Полиция департаментінің және «Оңтүстік» ӨңҚ 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді.

Оқиға орнына барғанда табылған снаряд «ОФАБ-100» үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екені анықталды.

Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының оқу полигонына алып кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру