Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының шекараларында есірткі транзитіне қарсы күрес күшейді

Жамбыл облысының шекараларында есірткі транзитіне қарсы күрес күшейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жамбыл полицейлері есірткінің трансұлттық транзиті мен есірткі бизнесіне қарсы күресте күш құрылымдарымен өзара ынтымақтастықты күшейтті.

Жамбыл облысында тұрақты негізде қарасораны өсіру, дайындау және оңтүстік өңірлерден оны әкетуге қарсы іс-шаралар, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Есірткінің жеткізілуін және транзит арналарын анықтау мақсатында шекара маңындағы аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылады.

– ҚР ҰҚКД, ҰҚК шекара қызметі департаментінің, экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, шекара арқылы өткізу пункттерінде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргіземіз. Біздің облыс есірткі транзиті өтетін аумақ болып табылады. Бұған дейін Шу аумағында өсетін каннабис тектес есірткілер елдің барлық аймақтарында тәркіленген. Мұндай деректердің жолын кесу және барлық арналарын жабу үшін қазір қарасораның қаулап өсетін кезеңінде біз барлық мүдделі тараптармен күш біріктірдік, – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.    

Қызметтік иттердің көмегімен қызметкерлер шекарадағы көліктер мен тауарларды тексереді. Полицейлер мұндай жұмысты жыл сайын жүргізеді. Өткен жылы 65 жастағы әйел ұсталды. Ол шекара арқылы 700 грамм героинді тасымалдамақ болған. Сот шешімімен 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру