Жамбыл облысының тұрғыны 23 келіге жуық есірткі сақтаған
Жамбыл облысының тұрғыны сарайында 23 келіге жуық есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылғы 21 қарашада сағат 16:00-де Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Меркі ауданының 54 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізу барысында сарайдағы жиналған шөптің астынан ішінде түрлі есірткі заттары бар 3 полиэтилен пакет тапты. Оның ішінде жалпы салмағы 22 келі 744 грамм кептірілген марихуана және 10 грамм гашиш болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
– Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Ер адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.