Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны мас күйде бөтеннің көлігін айдап кетті

Жамбыл облысының тұрғыны мас күйде бөтеннің көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 ақпанда сағат 21:30 шамасында Меркі ауданы Ойтал ауылының 42 жастағы тұрғыны 102 тетігіне көлік ұрлығы туралы шағыммен жүгінді.

Полицейлер жәбірленушіден жауап алып, ИЖ-27175 көлігін Тұрар Рысқұлов көшесіндегі дүкендердің бірінің жанында тұрғанын анықтады.

Көліктің иесі есіктерді құлыптамай, ашық  қалдырған. Оны байқаған белгісіз адам көлікті айдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бір сағат ішінде Меркі ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, жәбірленуші мас күйде болған.

Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру