Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

Жамбыл облысының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жоғалған екі жылқыны «ізін суытпай» тапты.

4 ақпан сағат 16:15-те Тараз қаласының Полиция басқармасы кезекші бөлімінің «102» жедел тетігіне екі жылқының жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Азамат М.Бакеев 4 ақпанда түскі уақытта үйінде екі сағат бойы ешкім болмағанын, әйелімен бірге сағат 16:00-де үйге оралғанда, қорадағы жылқыларының жоғалғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері іздестіру шараларының нәтижесінде 20 минут ішінде із-түзсіз жоғалған желісті жылқыларды тапты.

Мұхтар Айнабекұлы Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Әділет Сатыбалдиев пен Мейірбек Ахановқа жедел әрі нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру