Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны үйінде «гашиш» сақтаған

Жамбыл облысының тұрғыны үйінде «гашиш» сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының Андас батыр ауылында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде үйінен арнайы иісі бар ұсақталған зат салынып, түйіншектеліп оралған 9 полиэтилен пакеті табылды.

– Сараптама нәтижесі көрсеткендей, бұл пакеттерде жалпы салмағы 507 грамм болатын «гашиш» есірткі құралы болған. Күдікті есірткіні өзі тұтыну үшін сақтаған. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы бапқа сәйкес, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру