Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны зейнеткердің атына онлайн несие рәсімдеген

Жамбыл облысының тұрғыны зейнеткердің атына онлайн несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының 64 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Белгісіз ер адам егде кісінің атына 698 229 теңге сомасында алаяқтық жолмен онлайн несие рәсімдеген. Несие туралы ол зейнетақысынан белгілі бір сомада төлем ұсталынған соң білген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Анықталғандай, белгісіз адам ер адамның абоненттік нөмірін алып, банктің қосымшасынан тексеруден өтіп, электронды құжаттарды пайдалана отырып, жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, ақшасын иеленген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қаратау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру