Жамбыл полицейлері автокөліктен ақша ұрлаған тұрғынды ұстады
Жамбыл полицейлері автокөліктен ақша ұрлаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қордай АПБ анықтау бөлімінің қызметкерлері 50 жастағы Қордай ауылының тұрғыны Жібек Жолы көшесіндегі жеке үйдің ауласына қойылған автокөліктен ақша қаражатын ұрлағаны анықталып, ұсталынды. Осылайша жәбірленушіге 50 000 теңге материалдық шығын келтірілген.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында тергеу амалдары жүргізілуде.