Жамбыл полицейлері детектив ит туралы фильм түсірді
Жамбыл облысының полиция департаменті шынайы оқиғаларға негізделген «Леди» атты детектив ит туралы фильм түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің кинологиялық қызметі орталығында Леди лақап атымен төрт жасар бельгиялық овчарка тұқымдас иті бар. Ол кіші инспектор-кинолог Нұрбол Төребекке бекітілген.
Леди – шабуылдаушы ит, яғни қауіпті қылмыскерлерді ұстауға маманданған, сонымен қатар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды табуға арнайы үйретілген.
Жамбыл облысының ПД кинологиялық қызметі орталығында болған кезеңде оның көмегімен 80-нен астам қылмыс (тонау, қарақшылық шабуылдар, кісі өлтіру) ашылып, қауіпті қылмыскерлер құрықталды.
– Күмәнді заттарды табу бойынша шақырту түскен кезде бірінші кезекте инспектор кинолог итпен және саперлермен бірге сол жерге барады. Мәселен 29 мамырда полицияға көшеге қалдырып кеткен иесіз сөмкелерді табу туралы 2 шақырту түсті. Біздің Леди детектив ит екі жерге де барды. Жарылғыш құрылғыларды таппаған ит, полицейге белгі беріп, содан кейін сөмкелерді ашты, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Юрий Наливкин.
Леди 2021 жылы Байзақ ауданындағы орын алған жарылыс кезінде де жарылғыш заттарды іздеуге қатысты. Қызмет еткен жылдары ол өзін талай рет кәсіби, сенімді серік ретінде көрсетті.
Қылмыскерлерден қорықпайтын қызметтік ит кинологиялық қызмет орталығында жиі қонақ болатын, канистерапия қажет ететін ерекше балаларға мейірімділік танытадыы. Леди балаларға арналған көрнекі қойылымдарға қатысады, шабуылдау мен іздеу дағдыларын көрсетуді ол өте жақсы көреді.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысындағы полицейлер елімізде алғашқылардың бірі болып қызметтік иттерге қарым-қатынас әдістерін арнайы үйретіп, балаларға «дәрігер» ретінде пайдалана бастады.
Заманауи технологиялардың үздіксіз дамуына қарамастан, заңсыз заттарды іздеудегі, қылмыскерлерді ұстаудағы және қылмыстарды ашудағы қызметтік иттердің рөлі күн сайын артпаса, кеміген емес.