Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полициясына еріктілер жәрдемдесіп жатыр

2020 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысында полиция қызметкерлерімен бірге волонтер жастар аймақтағы барлық ауданаралық блок-бекеттерінің жұмысына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Іс-шараны жүргізудегі полиция қызметкерлерінің міндеті жүргізуші мен жолаушылар сапарының мақсатын анықтау болды. Егер жүргізушінің облыс орталығына кіріп-шығуы маңызды мәнге ие болмаса, онда тәртіп сақшылары жолаушыларды кері қайтарды.

Жастар төтенше жағдай кезінде қойылатын талаптар туралы атап айтқанда, автокөліктер қозғалысына қатысты шектеулер көрсетілген жадынамаларды таратты.

“Қазір біздің еліміз бүкіл әлем сияқты қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Біз халықтың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген жандарға әрдайым көмектесуге дайынбыз. Сол мақсатта бүгін жамбылдық полицейлердің блок-бекеттеріндегі жұмыстарына қатысып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтаудың аса маңыздылығын
түсіндіруге, ақпараттандыруға өз үлесімізді қостық”, – дейді волонтер Аяулым Расылхан.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында 31 наурыздан бастап көлік құралдарының барлық түрлерінің кіруіне және шығуына шектеу шаралары енгізілді.

Осыған байланысты  облыста шекарадағы аймақаралық бақылау бекеттерінен басқа, төтенше жағдайда көлік құралдарының қозғалысын бақылау және жүргізушілер қозғалысының орындылығын анықтау үшін ауданаралық блок-бекеттері жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру