Жамбыл және Түркістан облыстарында жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер анықталуда
Жамбыл және Түркістан облыстарында 10 сәуірден бастап ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады.
Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару).
Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, 21-ші әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.