Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда 1 млн теңгенің малын жымқырған күдікті ұсталды

Жамбылда 1 млн теңгенің малын жымқырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығының алдын алу мен оған қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ қылмыстың осы түрін жасауға ықпал ететін жағдайларды жою мақсатында Жамбыл облысының аумағында 1-10 наурыз аралығында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер екі күн ішінде 9 қылмысты ашты, оның ішінде жетеуі бұрын жасалған.

Мысалы, полицияға Жамбыл ауданының 58 жастағы тұрғыны шағымданды. Ер адам 2021 жылдың 18 желтоқсанында сағат 17:30 шамасында белгісіз адам шаруа қожалығынан үш сиырды ұрлап кеткені туралы хабарлады. Шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды.

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Іс-шара басталғаннан бері барлығы 12 бас мал заңды иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру