Жамбылда 13 кәмелетке толмаған жасөспірім ІІО-ға есепке қойылды
Жамбылда ІІО-ға есепке 13 кәмелетке толмаған жасөспірім қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 68 рейд жүргізді, оның барысында 66 кәмелетке толмаған бала ІІО ға жеткізілді, 166 ата-ана мен өзге де ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) – 3, ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) – 1, ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша (Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзу) – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы бойынша (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату) – 1, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) – 6, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 60, ҚР ӘҚБтК басқа баптары – 90.
Бір аптада баланың үйден кетуінің бір дерегі тіркелді – 9 жасар баланың орналасқан жері анықталып, заңды өкілдеріне қайтарылды.
Бұдан басқа, ІІО-ға есепке 13 кәмелетке толмаған жасөспірім және бес баладан тұратын 3 қолайсыз отбасы қойылды.
Екі заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды. Тараз қаласының мамандандырылған мектебіне девиантты мінез-құлқы үшін 3 жасөспірім орналастырылды. Қаңғыбастығы үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына төрт кәмелетке толмаған жасөспірім жіберілді.