Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Жамбылда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге және экологиялық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Облыс аумағында табиғатты қорғау полициясы мен жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 118 фактісін анықтады, оның ішінде балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін – 27, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін – 82, тіркелмеген жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін – 9 факт тіркелді, – деп хабарлады полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру