Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кету керек, 38 жастағы сотталған алаяқтықпен айналысқаны үшін қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

– Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты, – дейді сотталған әйел.

Жалпы, бүгінгі таңда аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде әйелдердің саны – 5 адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру