Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда полицейлер оқушылардың жазғы демалысы кезінде профилактикалық іс-шараларды күшейтті

Жамбылда полицейлер оқушылардың жазғы демалысы кезінде профилактикалық іс-шараларды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы ортаға тартуға жол бермеуге бағытталған рейдтік іс- шаралар жүргізуде.

Аталған іс-шаралар шеңберінде тәртіп сақшылары балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына және ойын-сауық орындарында болуына қатысты, оларға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, сондай-ақ топтық төбелеске жол бермеу деректеріне ерекше назар аударады.

Бір апталық рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 50 дерегін анықтады.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 4 кәмелетке толмаған жасөспірім, кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс және облыс аумағындағы ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 156 жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 8 жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы қойылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жазғы демалыс кезеңінде тұрақты түрде жалғасын табады. Мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз әрі пайдалы демалысын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру