Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда полицейлер студенттермен қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады

Жамбылда полицейлер студенттермен қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Колледж студенттерімен - әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, терроризм, буллинг, топтық төбелес, бұзақылық және басқа да қылмыстар туралы жалған хабарламалардың салдары тақырыптарында жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі жасөспірімдер әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізу салдарынан бұзақылардың құрбаны болуы немесе кибербуллинг көріністеріне тап болуы мүмкін. Дәрістерде полиция қызметкерлері студенттерге өздерінің жеке деректерін қалай қорғау қажеттігін, желіде қандай мінез-құлық ережелерін сақтау керектігін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіптен қалай аулақ болу керектігін түсіндіруде.

Полицейлер жастармен талқылайтын тағы бір маңызды тақырып - оқу орындарына жарылғыш заттар қойылғаны туралы көрінеу жалған қоңыраулар.

- Осындай кез келген жалған қоңырау жедел қызметтерді нақты қауіптерден алшақтатып, адамдар арасында дүрбелең тудырып, қауіп төндіреді. Біз студенттерге мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіреміз және оларға өз әрекеттерінің салдары туралы ойлану қажеттігін ескертеміз, — деп атап көрсетті ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Буллинг, топтық төбелестер, бұзақылық және оқу орындарындағы тонау деректері де өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Полицейлер мұндай құқық бұзушылықтарға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелу мүмкіндігін, бұл өз кезегінде әр жасөспірімнің болашағына үлкен әсер ететінен айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру