Жамбылда полицияға 33 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді
Жамбылда полицияға 33 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулікте облыс бойынша 13 рейд жүргізілді, оның барысында ІІО-ға 33 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 72 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер тартылды.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 33 дерегін анықтады. Олардың ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзудың бір дерегі анықталды. Дүкен иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша тартылды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімнің үйден өз бетінше кетуінің бір дерегі тіркелді. Жасөспірім табылды және ата-анасына қайтарылды.
– Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, есірткі мен алкогольді пайдаланатын, сондай-ақ оқудан жалтарып, коменданттық сағатты бұзатын балаларды анықтау, – деп хабарлады ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.