Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері облыстық қан орталығына барды. Мұнда оларды азаматтық парыздары жетелеп әкелді. Осылайша, тиісті тексерістен өткен ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырып, бірнеше адамның өмірін арашалап қалуға өз үлестерін қосты.
– Қан тапсырушылар қатарында құқық қорғау органдары өкілдерінің болуы заңдылық. Өйткені, жеке құрам қызметкерлері тұрақты түрде медициналық тексерістен өтіп, дене шынықтырумен жүйелі айналысады. Бүгінгі игі ісіміз мұқтаж жандарға жаңа өмір сыйлайды деп сенеміз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы Бақтияр Онбаев.