Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 100 дерегі анықталды

Жамбылда табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 100 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– 20-30 қазан аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау полициясы мен жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 100 дерегін анықтады. Атап айтқанда, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу – 20 дерегі, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу – 72, тіркелмеген жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы бойынша 8 дерек анықталды, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Аталған алдын алу шаралары 19 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру