Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жергілікті тұрғыннан сексеуіл тәркіленді

Жамбыл облысының полицейлері Қызыл кітапқа енген сексеуіл тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Жамбыл облысының ПД қызметкерлері Мойынқұм ауданының 49 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатып, одан көлікке тиелген Қызыл кітапқа енгізілген сексеуілді тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәркіленген сексеуіл процессуалдық шешім қабылданғанға дейін сақтау үшін Мойынқұм ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қоймасына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру