Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық ерікті Министрдің алғыс хатымен марапатталды

Жамбылдық ерікті Еркін Әбдиевтің белсенді қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан лайықты бағаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысына риясыз көмек көрсете отырып, Еркін Әбдиев есірткіге қарсы күреске бағытталған түрлі іс-шараларға үнемі белсене қатысады.

Оның еңбегін ескере отырып, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жас еріктіге ҚР Ішкі істер министрінің атынан алғыс хат табыс етті.

- Мен үшін бұл - жоғары марапат! Менің жұмысым туралы Ішкі істер министрлігінде белгілі болғаны өте қуантады. Мен қоғамға нақты пайда әкелетін осы бағыттағы жұмысымды жалғастыра беремін, - деп ағынан жарылды Еркін Әбдиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру