Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицей-қыз «Әулие ата үміті» байқауына қатысты

Жамбылдық полицей-қыз «Әулие ата үміті» байқауына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен және Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының қолдауымен әр саланың қызметкерлері арасында «Әулие ата үміті» үздік мамандар байқауы ұйымдастырылды.

Аталмыш байқауға полиция капитаны Балжан Құтжанова қатысып, өз ісінің кәсібилігін көрсетуде қатысушылардан кем түспеді. Әріптестері оның батыл, күшті және жігерлі екенін айтады.

Балжан өз жұмысына қажетті жеделдік пен жауапкершілікке ие. Ол​ Жамбыл ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесіне 2015 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітіргеннен кейін қызметке келді.

​- Бұл марапат мен үшін – қызметімде жетістіктерге жетудегі ең жақсы ынталандыру. Бізде тәлімгерлік институт өте жақсы дамыған, маған аға буын әріптестерім кеңес беріп, қолдау көрсетті. Мен полицияда қызмет істегеніме,​ Қазақстан халқына қызмет еткеніме қуаныштымын!, – деп полиция капитаны Балжан Құтжанова өз қуанышымен бөлісті.

​Заманауи әлемде погон киген қыз – сирек емес құбылыс. Жаны нәзік арулар өздерінің сұлулығын, талғампаздығын, нәзік болмыстарын​ тұрақтылық, батылдық және төзімділік секілді қасиеттермен біріктіріп ұстай алады. Сондай арулардың бірі – Жамбыл АПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі​ полиция капитаны Балжан Құтжанова.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев «Әулие ата үміті» байқауының қорытындысы бойынша жастар сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру