Жамбылдық полицейлер 137 тонна күкірт қышқылын тәркіледі
Жамбылдық полицейлер 137 тонна күкірт қышқылын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпаннан бастап Жамбыл облысының аумағында республикалық кең ауқымды «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі тәулік ішінде есірткі қылмысының 22 дерегін анықтады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша – 1 дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) екі дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) – бір дерек, ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 1-бөлігі (Контрабанда) бойынша бір дерек тіркелді.
Сондай-ақ, алты қылмыстық теріс қылық, 11 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 30 дәріхана, екі емхана, үш емдеу мекемесі, бір денсаулық сақтау мекемесін тексерді.
Екі тәулік ішінде заңсыз айналымнан 9,37 гр «PVP» синтетикалық есірткі заты, 65 ампула «Морфин» есірткі заты, 137 тонна 224 келі “Күкірт қышқылы» прекурсоры алынды.