Жамбылдық полицейлер 1500-ге жуық тыйым салынған дәрi мен ампуланы тәркіледі
2022 жылғы 5-9 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында республикалық «Дәрмек» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Iс-шара барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 51 дерегін анықтады. Оның ішінде 7 қылмыстық iстiң 1 дерегі ҚР ҚК-нің 297-бабына, 3 дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне, 2 дерегi ҚР ҚК-нің 300-бабы 1 бөлігіне, 1 дерегі ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігіне қатысты.
ҚР ҚК-нің 296-бабы 1,2,3-бөлігімен (Қоғамдық орындарда есірткіні медициналық емес тұтыну, есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) қылмыстық теріс қылықтардың 12 дерегі тіркелді.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК бойынша 32 дерек, оның ішінде 426-бабы 1-бөлігі бойынша 11дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігімен 21 дерек анықталды.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері 45 дәріхана, 5 емхана, 5 емдеу мекемесі, 3 ұйым мен 3 зауытты тексерді.
– Заңсыз айналымнан 32 келi 153 гр түрлі есірткі заттары, атап айтқанда, 885 гр апиын, 30 келi 970 гр кептірілген марихуана, 298 гр 27 мгр гашиш, 4 тонна 297 кг прекурсорлар (күкірт қышқылы), 445 ампула морфин, адам ағзасына зиян келтіретін 1422 дәрілік препарат (дигоксин, реланиум, прамедол) тәркіленді, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚIБ бастығының орынбасары Дiнмұхамбет Қойториев.