Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шыдау себептерін анықтады

Жамбылдық полицейлер әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шыдау себептерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері күн сайын полицияда есепте тұрған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алкогольді асыра пайдаланатын қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізедi.

Басты мақсат – азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы тұрмыстық қылмыстардың жолын кесу, профилактикалық есепте тұрған адамдарды зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.

Рейдтік іс-шаралар кезінде отбасында спирттік ішімдіктерді тұтынуын немесе санитарлық нормалардың сақталуын және балаларын қадағалап отыруын анықтау үшін тұрғын үй жағдайларын тексереді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері азаматтарға құқық бұзушылықтар үшін қандай жаза қарастырылғанын түсіндіреді.

– Көбінесе біздің қызметкерлер тек құқықтық емес, психологиялық тараптан да қолдау көрсетеді. Талдау нәтижелері әйелдердің уақытылы көмек сұрамауының негізгі себептерін көрсетті. Бұл негізінен үйдегі «тиран» отағасыларға материалдық тәуелділік, сонымен қатар ол өзгереді деген үміт және балаларды толық емес отбасында тәрбиелеуден қорқу десек болады. «Ұят болады» дейтiн туыстарының, жақын адамдарының пікірі де маңызды. Осы себептерді анықтау әр жағдайға жеке нақты тәсіл табуға және жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – деді ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Серік Алдыбеков.

Жамбыл облысының полиция департаменті, егер сіз, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе «102» арнасына, сондай-ақ «150» және «111» сенім телефондарына хабарласу қажет екенін ескертедi.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру