Жамбылдық полицейлер «Anti-fraud» іс-шарасын жүргізуде
Жамбылдық полицейлер республикалық маңызы бар «Anti-fraud» іс-шарасын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 9-11 ақпаны аралығында Жамбыл облысының аумағында республикалық маңызы бар «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықпен жолмен жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернетті пайдаланушыларға қатысты алаяқтықтың әрекетінің 11 дерегі анықталды, оның ішінде алты дерек бұрын жасалған.
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Тараз қаласында тұратын А. есімді азаматтың ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, «Финкап» интернет қосымшасы арқылы жергілікті тұрғынның атына 40 мың теңге көлемінде онлайн кредитті ресімдеген алаяқтық дерегі анықталды.
1995 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны Қ.есімді азаматша төрт алаяқтық дерегін жасаған, ол «Instagram» интернет қосымшасында киім сату туралы жалған жарнама орналастырып, төрт сатып алушыдан жалпы көлемі 44 мың теңгені «Каспи голд» карточкасына аудару арқылы заңсыз иемденген. «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс – шарасын жүргізу барысында Қ. есімді азаматшаның бұрын да осыған ұқсас (ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша) тағы төрт алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды.
Жәбірленуші төрт әйелден алған қаражаттың жалпы көлемі 101 800 теңгені құрайды.
2020 жылы 18 желтоқсанда Тараз қаласының А. есімді тұрғыны интернеттегі «Кредит Севен» қосымшасы арқылы ер адамның атына жалпы көлемі 40 мың теңгені онлайн
кредитпен ресімдеген (ҚР ҚК 190-б. 2-б. 4-т).
2021 жылдың 15 қаңтарында 1998 жылы туған Алматы облысының тұрғыны «Instagram» интернет қосымшасында шуба сатылады деген жалған жарнама арқылы сатып алушылардың біріне тиесілі 158 мың теңге көлеміндегі ақшаны «Каспи голд» карточкасына аудартып, иемденген (ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы).
Алаяқтық әрекетін жасаған барлық азаматтар ұсталды. Жамбыл облысының ПД КПБ қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.