Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер автокөлік ұрысын ұстады

Жамбылдық полицейлер автокөлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарысу ауданының полиция бөліміне Жаңатас қаласының 36 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам түнгі сағат 03:00 шамасында белгісіз тұлға оның Volkswagen Passat көлігін ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы хабарлады.

Келтірілген залалдың көлемі шамамен 1 млн теңгені құрады. Ұрланған көлік Жаңатас қаласындағы саяжай аумағындағы жолдан табылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Сарысу ауданының 19 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру