Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер героин сатқан күдіктіні ұстады

Жамбылдық полицейлер героин сатқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы мен «Рефлекс-2021» өңірлік операциясын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы және жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында облыс аумағында аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын сатумен айналысқан Жамбыл облысының 59 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұрын есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотты болған күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту барысында оның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 234 грамм «героин» есірткі заты табылып, тәркіленді.

– ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткіні өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А. Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру