Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер «көмекші» алаяқтарды қолға түсірді

Жамбылдық полицейлер «көмекші» алаяқтарды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байзақ аудандық полициясына Тараз қаласының 21 жастағы тұрғыны хабарласып, 2021 жылдың сәуірінде құжаттарды жедел дайындаймын деп алаяқтық жолмен оның 100 мың теңгесін иемденген адамға қатысты шағымданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Тәртіп сақшылары осындай «көмекшілердің» алаяқтық әрекеттерінің тағы бір дерегін ашты.

Облыс орталығының тұрғыны Тараз қаласының полициясына шағымданған. Ол ағымдағы жылдың шілде айында шетелдік нөмірлі Honda Odyssey автокөлігін ҚР есебіне қоямын деп бір ер адам сеніміне кіріп, алдап, 400 мың теңгесін иемденіп, жасырынғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері алаяқты анықтап, ұстады. Ол Талас ауданының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Енді тәртіп бұзушыларға бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру