Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер мал ұрлаушыларды ұстады

Жамбылдық полицейлер мал ұрлаушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қордай ауданында 28-30 жас аралығындағы Аңырақай ауылының үш тұрғынынан құралған топ анықталды, олар жақын жерде орналасқан «Райсай» жайылымынан жергілікті «Қалижан» шаруа қожалығына тиесілі он сиырды ұрлаған.

Ұсталғандардың барлығы осы шаруа қожалығында шопан болып еңбек етті. Олар малдың жоқ екенін білдірмес үшін жануарларды бірнеше кезеңмен ұрлап әкеткен: алдымен төрт ірі қараны, бірнеше күннен кейін тағы алтауын ұрлаған. Шығын 3,2 миллион теңгені құрады.

Ал, Алматы облысының 36 жастағы тұрғыны ның өзі ғана Мойынқұм ауылының маңында орналасқан «Бектай» жайылымынан тоғыз бас ірі қара мал ұрлаған. Жоғарыда аталған ауылдың 40 жастағы тұрғыны, сиырлардың иесіне 2,7 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Ұсталғандардың барлығы өз кінәсін толық мойындап, малдар иелеріне қайтарылды. Тергеу басқармасы қылмыстық істерді сотқа ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2,3-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша жіберді. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті мал иелеріне қырағылық танытуға, малдарын жайылымда қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ беймәлім адамдарға сенбеуге шақырады. Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұрлық жасау ықтималдығы едәуір артатындықтан, азаматтарға өз малдарын бақылауды күшейтуі қажет. Егер, Сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру