Жамбыл облысында мал жаю ережесін бұзған 82 адам анықталды
Жамбылда мал жаю ережесін бұзған 82 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Апта сайын полицейлер жергілікті атқарушы органдармен және ветеринариялық станция қызметкерлерімен бірлесіп, үш мобильді топ құрамында Талас ауданының аумағында мал ұрлығы деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Іс-шаралар барысында 4760 автомобиль мен жүк көлігі тексеріліп, 28 жүргізуші тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан аумағында 186 шаруа қожалығы, мал қыстаулары және үш мал сою орны тексерілді Сондай-ақ тұрақты негізде мал басының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында ауыл шаруашылығы малдарын жаю ережелерін бұзған 82 адам анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.