Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер мал ұрыларын «ізін суытпай» ұстады

Жамбылдық полицейлер мал ұрыларын «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы полиция бөліміне Жақсылық ауылының тұрғыны хабарласып, сағат 00:30-бен сағат 05:00 аралығында белгісіз адамдар оның мал қорасынан жалпы құны 180 мың теңге тұратын екі бас қошқарын жасырын ұрлап кеткені туралы арызданды.
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында «ізін суытпай» екі күдікті адамды анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

– Олар кінәларын толық мойындады. Айғақ зат – екі бас қой тәркіленіп алынып, жәбірленушіге қайтарылды, – деді Т. Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Қайсар Сүлеймен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру