Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер «Нашақорлық – жалпыға ортақ мәселе» акциясын өткізді

Жамбылдық полицейлер «Нашақорлық – жалпыға ортақ мәселе» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының №46 орта мектебінде «Нашақорлық-жалпыға ортақ мәселе» тақырыбында акция өткізді.

Оқушылар есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтерді тамашалады. Полиция қызметкерлері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткі сатушылардың қылмыстық ықпалына қарсы тұруға шақырды.

Кинологиялық орталықтың қызметкерлері қызметтік иттерді пайдалану арқылы есірткіні іздеу және қылмыскерді құрықтау бойынша көрсетілім ұйымдастарды.

– Қазіргі таңда синтетикалық есірткі түрлері кеңінен таралуда. Мұның бәрі қызығушылықтан   басталады. Бүгінде  жасөспірім көңіл көтеру үшін синтетиканы  қолданса, ертең онсыз өмір сүре алмайтын болып қалады. Синтетикалық есірткінің салдары үлкен өкінішке алып келеді. Бұл заттарды пайдалану қорқынышты ауруларға әкеледі. Өскелең ұрпақ нашақорлық сияқты әлеуметтік зұлымдық көріністерімен тәрбиеленуі тиіс емес, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру