Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін 23 адамға айыппұл салды

Демалыс күндері жамбылдық полицейлер қоғамдық орындарда кальян шеккені үшін 23 адамға айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 27 және 28 қарашасында полиция қызметкерлері Тараз қаласының ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тексеру барысында 19 ойын-сауық мекемелерінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу) 23 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Осы құқық бұзушылық үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 41 670 теңге айыппұл көзделген . Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды тұтынуға тыйым салу туралы ескерту парақтары табыс етілді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақтар таратты, сондай-ақ Тараз қаласының дәмханалары мен барларының әкімшілігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік тартылатыны туралы ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру