Жамбылдық полицейлер ұрлық деректерін ашты
Жамбылдық полицейлер ұрлық деректерін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасы 1 – полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның Тараз қаласы ықшамаудандарының бірінде орналасқан пәтерінің ішінен жасырын түрде бағалы заттарын, қолма-қол қаражатын жымқырып кеткендігін айтып шағымданған.Осыған қатысты Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3- бөлімімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.
Тергеп-тексеру өндірісін жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлерімен 21-33 жас аралығындағы күдіктілер ұсталып, өз кінәларын толық мойындады. Белгілі болғандай, олардың осыған дейін ұқсас қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы қосымша тексерілуде.