Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер волонтерлермен бірге «Қауіпсіздік аралы» жобасын іске асырмақ

Жамбылдық полицейлер волонтерлермен бірге «Қауіпсіздік аралы» жобасын іске асырмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Статистикалық мәлімет көрсеткендей, Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалған адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайды. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин хабарлады.

Жыл басынан бері облыс тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткендер туралы полицияға 43 арыз түскен. Қазіргі уақытта 31-і табылды, оның ішінде жетеуі кәмелет жасқа толмағандар.

ПД бастығы жоғалып кеткендерді іздеу – бұл полицияның әртүрлі бөлініс қызметкерлері ғана емес, волонтерлер де қатысатын, көп еңбекті қажет ететін процесс екенін атап өтті. Қоғам белсенділері тәртіп сақшыларымен бірге патрульдеуді жүзеге асырып, жоғалғандардың араласатын ортасымен жұмыс жасайды, сонымен қатар әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады.

– Волонтерлік ұйымдар арасында Lider.kz қозғалысын ерекше атап өткім келеді. Ұйым мүшелерімен біздің қызметкерлер бірнеше жылдан бері тығыз байланыста. Жақында Lider.kz-тің жетекшісі Николай Чагай менің қабылдауымда болып, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, еріктілер мен кәсіпкерлер бірлесіп «Қауіпсіздік аралы» атты пилоттық жобаны іске асыруды ұсынды, – деп айтты Арманбек Баймурзин.

Ол үшін сауда орындарында жоғалған адамдарға арналған орын жасау қажет, оған тұрғындар адасып қалған жандарды әкеледі немесе олар өздері келеді. Мұндай қауіп тобында, әсіресе, қарттар мен балалар бар. ПД бастығы бұл ұсынысты қолдады. Енді жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлескен жұмыс жүргізу қажет.

Сондай-ақ облыстың бас полицейі белсенді азаматтарға әрқашан ашық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды қолдауға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру