Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

11-13 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің үш күні ішінде облыс бойынша іздеуде жүрген төрт адам ұсталды, бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүрудің және сақтаудың сегіз дерегі анықталды:

- тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың екі дерегі;
- жалпы салмағы 2,5 келі есірткі заттарын сақтаудың төрт дерегі;
- жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді алып жүрудің бір дерегі және суық қаруды алып жүрудің бір дерегі.

- 13 желтоқсанда әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Сүлейманов көшесінде патрульдік жасақпен Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы "BMW" маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштағы спорттық сөмкеден ТОЗ-120 маркалы 12 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қару табылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (Ұңғысыз атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу амалдары жалғасуда, қарудың қылмыс жасауға қатыстылығын анықтауға баллистикалық сараптама тағайындалды", - деп атап көрсетті ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

"Нөлдік төзімділік" тәртібінде 1 921 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты 48 құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, ұсақ бұзақылық үшін – 211 адам, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 92 адам ЦВАиД-ға орналастырылды және 19 адам қабылдау–тарату орнына қамалды; қарсы жолаққа шығу – бес; қауіпсіздік белдігі тағылмаған көлік құралын басқару – 263; жаяу жүргіншілерге жолда артықшылық бермеу – 74; жаяу жүргіншілердің жүру қағидаларын бұзудың 342 дерегі анықталды .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру