Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

Жамбылдық полицейлер жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 4 желтоқсанында Жамбыл облысының ПД қызметкерлерімен Жамбыл ауылына кіре берісте Мойынқұм ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы «УАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер көлік жүргізушісінің мас күйде екенін анықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші автокөлік құралын орташа дәрежеде мас күйінде басқарған. Бұдан бөлек, бұрын сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын бұзғаны үшін (Мас күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Шектеулерге қарамастан, жүргізуші мас болып рульге қайта отырған. Құқық бұзушы бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысының полицейлері автокөлік иелеріне жолда абай болуды, жол жүру ережелерін сақтауды және мас күйінде көлік басқармауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру