Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер жол ережесін бұзған мас жүргізушіні ұстады

Жамбылдық полицейлер жол ережесін бұзған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қарашада полиция қызметкерлері Шу қаласындағы С. Сейфуллин көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Lada-210740 автокөлігін тоқтатқан.

Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған. Ол жол ережесін өрескел бұза отырып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Полиция инспекторлары машинаны қуып жетіп, қала көшелерінде әуреге салған тәртіпсіз жүргізушіні ұстады.

Ер адам наркологиялық сараптамадан өтуге жіберіліп, оның нәтижесіне сәйкес «орта дәрежедегі» масаң күйде болғаны расталған.

Сонымен қатар аталған азаматтың 2020 жылы Шу аудандық сотының қаулысымен 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жүргізуші Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды, – дейді Шу АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары Әділхан Базарбаев.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 631 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал мас жүргізушілердің кінәсінен 27 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тауып, 37 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру